Жантану

Жанның эволюциясы

Нәпсіге, ызаға және ашкөздікке негізделген қылмыстық әдеттерін өзгертіп, түрмеден  шыққан адам сияқты, жан да туылу мен өлуден тұратын циклден босай алады. Надан дүниесін жеңген адам, бұл өмір тек зорлық-зомбылық пен өмір үшін күрестен  ғана  тұрмай, басқа да  дүниеден тұратындығын көре алады. Материалдық заңдар бойынша ондай дүние болуы мүмкін емес болғанмен, әрбір тірі жанның тілеуіне сәйкес келетін бұл дүние – махаббат, мәңгілік және биік деңгейдегі білім дүниесі. Біздің қоғамымызда бұл утопия болып көрінеді. Бұл жерде адам санасы залалды тілектерінің кесірінен төмен құлдырайды да, ендігәрі арыла алмай қалатын кесірлі қасиеттерге ие болады.

Сондықтан да адамға оның жан тазалығын қайта туындататын табиғи процесс қажет. Жанды арам ой, қара ниеттерден тазартатын бұл процесс сана эволюциясы деп аталады. Ал әрқилы өмір нысандары эволюция сатысының баспалдағы болып табылады. Солардың арқасында жан реинкарнация немесе дененің ауысу заңдарына сүйеніп, неғұрлым жоғары өрлей береді.

Әрбір материалдық дене жанның мұқтаж болған тілек-қалауларын орындайтын пана болады. Сөйтіп, табиғат  әрбір өмір түрін тек соған ғана тән іс-әрекетпен шектеп отырады.  Алайда  адам баласы өзінің іс-әрекетін шектемей  тым қарқынды әрекет жасаған жағдайларда, көбіне соғыстар қажет болады, басқаша айтқанда,  жаппай тән ауысу жүреді. Бұл адамзат қоғамында шектен тыс жиналып қалған негативтік ақпаратты азайту үшін қажет болған жағдай болып саналады.

Жануарлар әлемінде негативтік ақпарат табиғат тепе-теңдігін бұзбастан жүре береді. Агрессия, қаһар, қатыгездік сияқты сипаттар жануарларға тән қасиет және де бұл тұтастай табиғаттың бір бөлшегі. Сондықтан да, көптеген агрессивті және өзімшіл адамдар жануарлар әлемінде туылады.

Материалдық дүниеге келген тірі жан, осы материалдық табиғаттың үш гунасымен рахаттана отырып, өз өмір жолымен жүріп отырады, осылайша ол қайырымдылық пен зұлымдыққа кез келіп отырады.

Бһагавад-гита 13.22

Александр Хакимов

Leave a Reply

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған