Жантану

Ведалар

Ведалар – бұл әлемнің, адамның, Құдайдың және жанның табиғатын егжей-тегжейлі сипаттайтын, Құдайдың Өзінен түскен Жазбалар. «Веда» сөзі сөзбе-сөз аударғанда «білім» дегенді білдіреді, басқаша айтқанда, Ведалар – қандай да мифтер мен нанымдардың жиынтығы емес,  ол – ғылым. Санскритте ведаларды  апаурушея, яғни «адам жасамаған» деп атайды. Ведалар мәңгілік және әр уақытта әлемді жаратушы Брахма кезекті жойылу циклынан кейін бұл дүниені қайтадан құру үшін жойылмайтын Ведаларды «еске алады».

Бұл тұрғыда Ведалар Құдай және рухани қуат сияқты мәңгілік категорияларға жатады. Ведаларда кемшілік жоқ, себебі тікелей Құдайдың Түптұлғасынан шығады. Ведалар жан-жақты кемел білім. Ведалар тәуелсіз білім, оны дәлелдеуге басқа ешбір білімнің қажеті жоқ. Ведалар өздерінің ақиқаттығын өздері дәлелдейді, яғни Сва-ашрайа, себебі олар тікелей Хақ Ақиқаттан бастау алады.

Бастапқыда бір ғана Атһарва Веда болған. Осыдан бес мыңдай жыл бұрын Шри Вьясадева оны 4-ке бөлді, олар: – Сама-Веда, Атһарва-Веда, Риг-Веда және Яджур-Веда. Олардың үшеуі негізгі болып табылады және көптеген жағынан мазмұны бойынша бір-бірімен ұштасады: Риг-, Яджур- және Сама-Веда. Ал Атһарва Веда өзінше бір төбе тұрады, өйткені ол басқа Ведаларға енбеген мәселелерді қамтиды. Алғашқы үш Ведалар Құдайға және Оның көптеген жеке және әмбебап аспектілеріне айтылатын дұғалардан немесе мантралардан тұрады, ал Атһарва Веда сәулет, медицина және басқа да қолданбалы пәндер туралы білімді баяндайды.

Веданың дыбыстары ерекше қуатқа ие, сондықтан бұл дыбыстарды бастапқы күйінде сақтау өте маңызды болды. Ведалық мәдениетте ведаларды бұрмаланбаған күйде беру әдісі жасалған. Қазіргі уақытта Ведалардың 95% -ы жоғалғанына қарамастан, қалған бес пайызы бізге аман-есен келді. Ведалар шрути деп те аталады, басқаша айтқанда «естіп алынған» деген сөз. Көптеген ғасырлар мен дәуірлер бойы Ведаларды жаттауға арналған мнемикалық ережелер жүйесі арқылы  ауызша беріліп отырған.

Ачарйалар – рухани ұстаздар Ведалардың жан-жақты кемел деп куәландырады. Ачарйалар Ведалардағының бәрін ұғынған. Сондықтан да вайшнавтардың қағидаты бойынша Ведаларды тек ачарйалардың ғана жетекшілігімен түсіне аламыз. Тек осылай ғана Ведалардың қорытындысына келе аламыз.
Төрт Веданың әрқайсысының 4 бөлімі бар: самһиттер, браһмандар, аранйакалар және упанишадтар. Самһиттер – бұл мантралар жиынтығы; браһмандар – сол мантраларды қандай рәсімдерде, қай кезде, қалай айту керектігі туралы бөлім; браһмандарда адамдардың бұл өмірде бақытты ғұмыр кешу үшін ұстанатын заңдарды жинақталған; аранйаки – дүниеден бас тартқан адамдар үшін арналған бөлім, ол жерде әр түрлі рәсімдердің түпкі мағынасы мен мақсаты айтылады;  упанишадтар осы әлем заңдарының философиялық негізін құрайтын бөлім, олар Құдайдың табиғаты, жеке жан туралы, әлемді, Құдай мен жанды байланыстыратын қатынастар туралы айтады. Бұл төртеуіне қосымша ретінде  тағы Ведангалар қолданылады.

Ведалық шығармалар

Ведалық шығармалар үшке бөлінеді:

1.Шрути – естіп алынғандар. Шрутиге жататындар: төрт Ведадағы самһиттер, браһмандар, аранйакилер және упанишадтар.
2. Смрити – есте сақталынғандар. Смритилер – Пураналар (18 басты және 18 қосымша Пурандар), Ведангалар, Махабһарата, Рамаяна, Итиһасалар (оқиғалар). Олар Ведалардың мағынасын қарапайым тілмен жеткізіп түсіндіруге арналған.
3. Ньяя – бұл логика, Ведалардың дәлелі. Оған Веданта-сутра жатады.

Осыған орай, Ведалар адамдарға үш жолды меңзейді:
1. Карма-канда – Ведалық жазбалардың кармалық әрекет жайындағы бөлімі.
2. Гьяна-канда – Хақ Ақиқатты ой өресі арқылы іздену тәсілдері туралы бөлімі.
3. Упасана-канда – Құдайдың Жоғарғы Тұлғасына табыну, Онымен қарым-қатынас туралы айтатын бөлімі.

Ведаларды өз бетінше оқып-үйрену мүмкін емес, оның мынадай себептері бар:

1. Алғашқы Ведалардан сақталып қалған 5 пайызын үйрену арқылы біз Ведалардың мақсатын жете түсінбейміз.
2. Ведалық кітаптарды тек браһмандар ғана оқи алған. Егер адам Ведангилерді өтпеген болса, онда ол Ведаларды оқи алмайды.
3. Ведалар оқуға өте күрделі болып келетін вайдика-санскритте жазылған. Кәдуілгі дүнияуи тілдер лаукика деп аталады. Ведалық санскрит жайында біз ештеме білмейміз. Оларда метрика, мелодика, интонацияны өте қатаң қолданатын тәртіптер бар. Мәтіндегі бір сөзді дұрыс түсінбей қалу, бүкіл мәтінді, тіпті кітапты бұрыс түсінуге әкеліп соғады.
4. Ведалардың аудармашылары оларға әрқайсысы өздігінше түсініктеме береді.
5. Веда саласында нағыз парампара – ұстаздық тізбек жоқ.
Ведаларды түсінуді оңайлату үшін Шрила Вьясадева Веданта-сутраны жазған. Ол Веданта-сутрада ведалық нұсқауларды өте қысқа да нұсқа түрде келтірген
.

Сутраларда зор көлемді ақпарат ең аз сөздермен берілген. Оның үстіне сутралар барлық жерде қолданыста бола алады. Кейінірек Шри Вьясадева Веданта-сутраға бірден-бір түсіндірме қылып Шримад-Бһагаватамды жазып шықты. Веданта-сутраға жасалған түсіндірмелерді бһашья деп атайды.

Жалпы алғанда Ведалық шығармалардың барлығын екі категорияға бөледі:
1. Пара-видья – бақи (трансценденталды) шығармалар: Шримад-Бһагаватам, Упанишадтар, Аранйакилер, Веданта-сутра
2. Апара-видья – фәни дүние туралы кітаптар, осы дүние жайындағы білім. Бұл шығармалардың мақсаты адамдарды мәңгілік құндылықты біртіндеп қабылдауға дайындау.

Ведалық әдебиеттің бірінші және басты тақырыбы – рухани білім, жан табиғатын білу (пара-видья). Сонымен қатар, Ведаларда адамға ұзақ және бақытты өмір сүруге қажеттінің бәріне қатысты көптеген басқа мәліметтер бар (апара-видья). Атап айтсақ, Васту – тұрмысты ұйымдастыру туралы білім: адам өзін жақсы сезіну үшін, ауырмау үшін, бейбітшілік пен гүлдену үшін қалай үй салу керек, оны қалай орналастыру керек; бұл медицина, Аюр Веда, «өмірді ұзарту туралы ғылым»; бұл Ведалық астрология, ол Жер мен адамның микрокосмосының макроәлеммен, ғаламмен байланысын және адамның өз күнін, сапарларын, өмірдегі маңызды бастауларын қалай жоспарлауы керектігін түсіндіреді.

Ведаларда музыка туралы бөлім де бар, онда жеті чакраға сәйкес келетін жеті негізгі нота туралы, адам ағзасындағы энергетикалық түйіндер туралы айтылады, бұл арнайы салынған әуендерге (рагаларға) адамды тыныштандырып, емдеп, психологиялық жайлылықты тудырады. Ведаларда йоганы немесе ақыл-ойдың шоғырлануының үлкен деңгейіне жетуге, ақыл-ойды тыныштандыруға, тылсым күштерге ие болуға және сайып келгенде өзіңіздің рухани болмысыңызды жүзеге асыруға мүмкіндік беретін әртүрлі техникалар мен жаттығулар жиынтығы сипатталған.

Жауынгерлік өнер туралы кітаптар да бар. Ведалардың сиқырлары мен мистикалық рәсімдері бар бөлімдері бар. Экономикалық өркендеу, қолданбалы психология, үкімет, дипломатия туралы тақырыптар бар. Кама Шастра бар, бұл адамға біртіндеп өрескел материалдық ләззаттан барған сайын нәзік рахатқа ауысуға мүмкіндік беретін жақын қарым-қатынастар туралы ғылым, оның мақсаты мұндай ләззаттар адамның өмір сүру мақсаты емес екенін түсінуге мүмкіндік беру болып табылады. Жұмақтағыларға Ведалардың бір миллиард өлеңі белгілі.

Leave a Reply

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған