Жантану

Реинкарнация

Туылу мен өлу – бұл әр адамға белгілі айқын айғақ. Сондай-ақ, туылу мен өлу тоқтаусыз жалғаса беретіндігі де анық. Өлген жандардың орнына жаңа туылғандар келіп отырады. Осылайша біздің көз алдымызда туылу мен өлуден тұратын қайталанбалы тұйық цикл тоқтаусыз айналып жүріп жатыр. Ведада мұны самсара – туылу және өлу доңғалағы немесе реинкарнация деп атайды. Алайда, бұл заңды мұқият қарастырған болсақ, байқайтынымыз, әрбір жан өзге бір жаңа өмір тудыратын  қуатқа ие.  Ендеше ол осы қуат арқылы өз өмірін неге  жалғастыра алмайды? Өз өмірін жалғастыра алмаған, бірақ өзгеге өмір берген жан өлер болса, өлгеннен соң оған не болмақ? Басқаша айтқанда, бұл мақалада біз адамның өліп, жоқ болатындығының не мәні бар, өлім келудің не міндеті бар екендігін түсінуге тырысамыз. Егер жанымыз мәңгілік болған болса, онда неге бұл уақытша материалдық денеде туылуға тиісті? Егер жан мәңгілік болмаған болса, ол неге өмірге келеді? Табиғаттың мұндағы максаты неде? Неге адам туылады және неге ол өледі?

Сәби тәні бозбала тәніне, бозбала тәні қария тәніне ауысатындығы тәрізді, жан да адам дүние салғаннан кейін басқа тәнге көшеді. Өзінің рухани табиғатын танып білген жан  ондай өзгерістерге бола абыржымайды.    Бһагавад-гита, 2.13

Эволюция сатысымен жоғары өрлейтін немесе төмен құлдырайтын мәңгілік жан жайында  көптеген оқиғалар бар. Жалпы алғанда, жан Веда бойынша самсара деп аталатын туылу мен өлуден тұратын тұйық шеңбердің бойында жүреді. Ол шеңберді ешкім өз күшімен бұза алмайды. Кейбір адамдар осы мәңгі айналып тұрған шеңбердің ең жоғарғы жағында жүрсе, енді біреулер оның ең төменгі жағында баз кешеді, бірақ  олардың ешқайсысы өз жағдайларында көпке қала алмайды. Қанша рет өмірге келсе де, кішкентай ғана жан олардың ешбірінен  қанағат таппайды, себебі  әрқашан көбейіп отыратын арман-тілектер  ешбір өмір формасына сыймайды.

Мәселенің мәні мынада: кім болса да  барды қанағат қылмай, одан да көпке қол созады. Жан өзіне толығымен бақытты болатындай  өмір нысанын тапқан болса, реинкарнацияның ешбір қажеті болмас еді. Алайда бұл жерде ондай өмір нысаны жоқ, сондықтан адам бақытты тек осы өмірінде ғана емес, алдыңғы бірнеше өмірлерінде де іздейді. Кейде оған адамдардың патшасы болу бұйырса, енді бірде тек  жануар ғана болады… Бұл оның нешінші өмірі екендігін ешкім де білмейді, өйткені самсараның не басы, не аяғы  жоқ. Ол деген  шексіз шеңбер.

Адамдар түрмеге тек бір мақсатпен – жазаларын өтеу үшін отырады. Тіпті сол жақтың өзінде олар қиналғылары келмей, қандай да бір бақыт сезіну үшін ыңғайлы орынға орналасады. Дегенмен түрменің аты түрме. «Мекеменің» қожайыны өз қарамағындағыларға барлық қажеттерімен қамтамасыз етеді: тамақпен, киіммен, баспанамен және жұмыспен, бірақ ең керегін алып қояды, ол – таңдау ерігі. Енді сіздер тек қандай киім береді – соны киесіз,  тамаққа не береді – соны ішесіз, қандай жұмыс тапсырады – соны істейсіз… Ал егер сіз жағдайыңызға риза болмай,  қашқыңыз келер болса, онда жағдай ушығады.Тәртіп бойынша  бүлікшінің мерзімі ұзарады да, енді оның жағдайы одан ары қарай нашарлайды,

Самсара әлемі шамамен осы нобаймен жасалынған. Мұнда барлығымыз бақытты болу үшін туылған сияқты болғанмен, тіпті ең жоғарғы деңгеймен жайлы орналасқандардың өздері уақыт өте келе, өмірде бақыттың жоқ екендігін түсінеді, себебі шынайы еркіндік жоқ.

Адам неғұрлым әлемді басқарып, қожайындық еткісі келген сайын және табиғат заңдарынан құтылуға неғұрлым тырысқан сайын, ол соғырлым өз кармасына шырмала түседі. Оның бұл жалған дүниеде қайта туылып, қайта өлуі жалғаса береді.

Leave a Reply

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған