Космология

Космология

Космология бұл ғарыш ілімі, астрономияның бір бөлімі. Негізінен физика заңдары мен астрономиялық бақылаулар деректеріне сүйенеді. Сонымен қатар, адамзат қоғамының әр түрлі дәуірлеріндегі философиялық принциптерге сүйенеді. Космология тақырыбы зерттеуге және түсінуге қиын пәндердің бірі. Бұл, біріншіден, осы салада қандай да бір эксперименттер жүргізудің өте қиындығы болса, екіншіден, тікелей бақылаудың мүмкіндіктері өте шектеулі, үшіншіден, космология пәнін уақыт жағынан анықтау мүмкін емес.

Адам баласы өз болмысында төрт кемшіліктен тұрады: адамның сезім мүшелері жетілмеген болып келеді және адамдар қоршаған әлемді сол кемшінді сезімдерімен білетіндіктен, қоршаған табиғат және онда болып жатқан процестер көбіне қате қабылданады. Осыдан екінші кемшілік туындайды, ол – иллюзияда болу, мысалға мәңгі жан болып келетін тіршілік иесі өзін денесіне балап, мен азиатпын, мен директормын, анаумын, мынаумын деп ойлайды.Иллюзия дегеніміз шын мәнінде жоқ нәрсені, яғни маяны қабылдау дегенді білдіреді. Майя «жоқ» дегенді білдіреді.

Осыекі ақаулардың болуына байланысты иллюзияға батырылған жан міндетті түрде қателеседі. Бұл тіршілік иесінің үшінші кемістігі. Төртінші кемшілік – алдауға бейімділік. Әр адам иллюзияда жүретіндіктенн (шынайы білімі жоқ) санасыз түрде басқаларды алдауға бейім. Адам ақымақ болуы мүмкін, бірақ өзін ақылды етіп көрсетеді: «Менің ойымша, бұл солай, ал ол мынадай» деген ойлар түйіндейді.

Осы кемшіліктерге байланысты астрономиялық бақылаулар және философиялық қағидаларға сүйеніп космология жайында белгілі бір тұжырым жасау беделсіз болып келеді. Тұжырымдар арасында қарама-қайшылықтар туындап, адамдар одан әрі адасқан үстіне адаса түседі.

Демек, қазіргі ғылымға қол жетімді деректерге сүйене отырып, космологияны түсіну үшін бұл ілімді түсінудің табиғи әрі қарапайым тәсілі – тәжірибелі рухани ұстаздың жетекшілігімен ведалық жазбаларды зерттеу болып табылады. Веда ғылымына жүгіну арқылы біз қазіргі ғылым тап болған шектеулерді жеңе аламыз. Біріншіден, бізде барлық эксперименттік мәліметтер болады. Екіншіден, біз кез-келген шеңбермен шектелмеген тікелей бақылауға қол жеткіземіз. Үшіншіден, біз уақыт пен кеңістіктің шеңберінен шыға аламыз.

Leave a Reply

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған