Жантану

Карма

Осыдан аздаған уақыт бұрын ғана, шамамен жиырма-отыз жыл бұрын, біз үшін карма деген үғым мүлдем жат еді. Тек осы саламен айналысатын шығыстанушылар мен санскрит мамандары ғана осы тақырыпта әңгіме қозғайтын және  олар өзара ортақ түйінге келе алмайтын. Соңғы уақыттарда карма заңдары көпшілікке терең танымал бола бастады. Тіпті кармапсихология деп аталатын жаңа пән пайда болды. Бүкіл батыс әлемі қайта туылу (реинкарнация) жайында мол ақпарат алды.  Ендігі уақытта ең басты нәрсені түсіну ғана қалды.

Қалай дегенде де біз бұл біліммен біршама таныстық. Ол бізге көне заманнан жетті. Бұл білім ұстаздан шәкіртке берілу арқылы көптеген ұрпақтардан өтті және ол қоғамның басшыларына арналған, ал олардың иманды болулары шарт. Карма заңдары мен реинкарнацияны естен шығару – бұл мемлекет заңдарын ұмытып, ойына келгенін жасағанмен бірдей. Әрине, мұндай жағдайларда адамның ыңғайсыз жағдайларға тап болатыны белгілі. Дегенмен, осы заңдардың бар екендігін біле тұра, оны өзіміздің қалауымызға сай икемдеп қабылдау, онан да жаман залалды болып табылады.  Мұндай кезде бұл білімдер жәй надандыққа ғана әкеліп қана қоймай, зор зиянын тигізбек.Сондықтан, нағыз білім иманды, жүрегі таза және парасатты жандардың қолында болуы қажет. 

«Жан үшін туу да, өлім де жоқ. Ол ешқашан пайда болмаған, пайда болмақ емес және пайда  болмайды да. Ол  туылмаған, мәңгі әрі бастапқы. Дене өлгенде де ол ешқашан жойылмайды».  Бһагавад-гита,2.20

Жан мәңгі, ал тәніміз уақытша. Олар қашанда бір-бірінен бөлек болады. Кейде біздің ішкі дүниеміздің қалаулары тәніміз бағынатын заңдылықтармен қарама-қайшылыққа түседі. Біз қаламасақ та тәніміз жылдар жылжыған сайын қартая түседі. Ауырғысы келетін пенде жоқ, оны ешкім қаламайды. Ал ажалдан біздің ақыл-ойымыздың алшақтығы сонша, ол жайында ойға да алғымыз келмейді. Осылайша біз іштей қарсы болғанымызбен, бір нәрсе немесе белгісіз күш еркімізге қарамай өз дегеніне көндіреді. Өкінішті-ақ әрине, бірақ бұл фәни тәнімізге билік жүргізетін заңдардың әрекеті. Тәніміз қартаяды, сонан соң уақыты келгенде ажал құшамыз.

Жанымыздың материалдық  іс-әрекеттерге ешқандай қатысы жоқ, алайда материалдық тәнді қабылдау арқылы  оның да осы заңдылықтарға бағынуына  тура келеді. Жан ешқашан қартаймайды, өлмейді және еш өзгеріске түспейді. Сондықтан оны акарма, немесе «ешбір әрекет етпеуші» деп атайды. Карма тікелей «әрекет» деп аударылады. Ал тән қашанда әр түрлі іс-әрекетпен айналысып, неше қилы өзгерістерге ұшырап отырады. Сол себепті де оны «карма», немесе «әрекет етуші» деп атайды.Тәнді машинамен теңеуге болады, ал жан оның жүргізушісі іспетті. Өзіңізді автокөлікте келе жатырмын деп ойлап көріңіз. Сонымен жүріп келе жатқан кім – сіз бе, машина ма? Әрине, машина. Ал сіз жүргізушісіз. Машина сіздің еркіңізге бағынғандықтан, өзіңіз жүріп келе жатқанадай сезінесіз.

Карма деген не?

Сонымен, карма деген не? Бұл – әрекет. Әрекет ой деңгейінде, сөз деңгейінде немеcе іс-әрекет деңгейінде болуы мүмкін. Адам әрекет ету арқылы  дөрекі немесе нәзік деңгейдегі оның жемісін тата алады. Сол себептен, карма белгілі бір нәтиже алу ниетінен туындайды. Ешбір іс аса күшті тілек болмаса орындалмайды. Барлық пенде байлық пен білімді, билік пен күш-қуатты, сұлулық пен тақуалықты аңсайды. Осылайша барша жұрт қызу тіршілік етіп, бір сәтке де тоқтай алмайды. Соның нәтижесінде біз өз іс-әрекетіміздің карма деп аталатын нәтижесін аламыз және ол біздің болашақ тағдырымызды анықтайды. Тіптен кейбір жәй іс-қимыларымыздың өзінің салдары болады.

Нәтижесіне бола жасалатын,  яғни  тіршілік иесінің болашақ материалдық тәнін жасайтын іс-әрекетті карма деп айтамыз    

Мысалы, екі қолымызбен шапалақ ұрсақ – ол қимыл, ал, одан шыққан дыбыс оның салдары. Өз кезегінде бұл дыбыс себеп те бола алады. Өйткені ол дыбысқа біреу көңіл аударуы мүмкін. Сондай-ақ бір адам сөйлесе, екіншісі тыңдайды. Сөйлеушінің сөздері тыңдаушыға әсер етеді. Ол бәлкім  күліп, болмаса  жылап, не болмаса ашуланып, іс-әрекетпен жауап беруі мүмкін. Содан кейін ол осы көңіл-күйді ойында ұстап, басқа біреуге жеткізеді. Осылайша себеп-салдар  байланысы туындайды. Соған орай, карма уақыт ағынымен қозғалады. Ол өткен шақтан осы шақ арқылы келер шаққа бағыт алады.

Жасаған іс-әрекеттеріміз – тұқым. Уақыт өте келе ол өсіп-өніп, талға айналады. Ал, тал болса өз кезегімен гүлдейді де, жеміс береді. Дәл осы сияқты кез келген әрекет белгілі бір уақыт өлшемінде  жеміс әкеледі. Оның қандай жеміс болатындығы қандай тұқым егілгендігіне байланысты. Бұл бұлжымас заң: яғни, әрбір әрекет өзіне сай жеміс береді. Алма тұқымынан алма ағашы өсіп шығады. Егер біреу заңгерлікке оқыса, оған  дәрігердің дипломы берілмейді. Не ексең – соны орасың, деген осы. Біз істің жақсысын да, жаманын да және оларды араластырып та жасаймыз.Соған байланысты әрекетіміздің нәтижелері де – жақсы, жаман және аралас болуы мүмкін. Осыдан барып, адам  бақыт күйін де және әртүрлі азап-тауқыметті де басынан кешеді. Жақсы іс-қылықтар жасай отыра, біз болашақта оның жақсы жемісін татамыз.

Карма дегеніміз себеп-салдар байланысының заңдары

Сонымен, біз бақытқа жету үшін ізгі істер жасауымыз қажет екен. Егер біз бұлай жасағымыз келмесе, онда тауқымет тартуымызға тура келеді. Тауқымет тарту үшін ештеңе төлеудің, яғни ізгі іс жасаудың еш қажеті жоқ. Осы арада біреулер былай деуі мүмкін: «Мен адамдарға ешқандай жамандық жасаған жоқпын. Бірақ мені жұрт неге сыйламайды? Өйткені сен еш жақсылық та жасаған жоқсың. Осы заңдылықтарға сәйкес адам баласы бақытты болуға  іспетті болады, әйтпеген жағдайда оның тауқымет тартуына тура келеді.

Надандықпен жасалған іс қайғы-қасірет пен бақытсыздыққа алып келеді. Мұндай іс-әрекеттерді әдетте балалар мен ақылсыз адамдар жасайды. Сәби сіріңке жақты делік – мұнда тұрған не бар дейсің, бірақ нәтижесінде үй өртке шалынады. Егер жұмыс пайда табу үшін зор құштарлықпен жасалса, бірер уақыт жемісін береді, дегенмен ол сараңдық немесе өркөкіректік тәрізді  адам бойындағы жаман қасиеттерді өршітеді. Байлық және билікке құныққан адам  әдетте құрдымға құлайды.

Ізгіліктің жоғарғы ұстанымдарымен байланыстырылған істер біздің санамызды тазартып, бақыт сезіміне бөлейді. Егер адам жұртқа жақсылық жасаса, олар оның достарына айналады. Жүз теңгең болғанша, жүз досың болсын деген осы. Қорыта келсек, жоғарыда келтірілген бағыттарды таңдай отыра, әркім болашақта солардың салдарына ие болады. Бұдан басқа ескеретініміз, қазір біз бұрынғы жасаған істеріміздің кармасын өтеп, олардың берген жемісін татуымыз керек. Сондықтан, біз үшін ең бастысы – дұрыс таңдау жасау. Жасаған істеріміз бізге  пайдасын тигізуі тиіс.  

Карманың түрлері және оның нәтижесі

Карма өз кезегінде бірнеше түрлермен сипатталады.

Карма қайырымды іс-әрекет.

Жұрттың денсаулығы мен аман-есендігі және рухани дамуы  жайында қамқорлық жасау. Әр адам өзінің моральдық немесе діни түсінігімен жасаған әрекеттері өз уақытында нәтижесін алып келеді. Бұл жерде адам материалдық мақсатқа жетуді көздейді.

Викарма –  қайырымсыздық іс-әрекет. Өз қара басының жетістігі үшін күрес. Табиғат заңдарын бұзу және ар-ұят өлшемінен аттау.

Мұндай карманың ең дөрекі түріне атеизм мен материализмнің барлық формалары жатады. Бұл жолмен жасалған іс-әрекеттер тозақта немесе жануарлар деңгейінде туылуға әкеліп соғады.

Акарма – іс-әрекеттен бас тарту. Арамтамақтық және әрекетсіздік. Жоғарғы мақсатты сезінбеу, шарасыздық. Бұл өз кезегінде қайырымсыздыққа алып келеді. Сонымен қатар материалдық пайданы көздемейтін істер де акармаға жатады.

Құдайға құлшылық ету – кармалық іс-әрекеттің нәтижесінен босатады.

Leave a Reply

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған