Жантану

Адам – ол кім?

Адамды, әдетте біз оның айналысатын ісімен, ұлтымен немесе дінімен байланыстырып жатамыз. Сондықтан, одан «сен кімсің» деп сұрасақ, ол «қазақпын», «мұғаліммін», «христианмын» т.с.с жауаптар береді.

Барлық адамдарды олардың қабілеттеріне қарай жіктеуге болады. Егер адам өз өмірін дүние пайдасын табуға бағытталған жұмысқа арнаса, оны карми  деп атайды. Ал білім  жинау үшін өмір сүретін адам – бұл гьяни. Мистикалық энергиямен әуестенетін адамды йоги деп атайды. (Бар уақытын  бостан-босқа, сезімдерін қанағаттандыру үшін өткізетін адамды бһоги  дейміз). Бұл төрт топқа жататындардың барлығы да кармадан босай алмайды, өйткені олардың бәрі өмірден материалдық пайда іздейді.

 Мысалға, бһогиді алайық. Олардың  өмірлік ұстаным) – «Бір-ақ рет өмір сүреміз! Сондықтан іш- же және шаттан». Мұндай адамдардың түсінігінше, өмірдегі негізгі мақсат неғұрлым көбірек рахат алу болып табылады. Олар үшін тамақ, ұйқы және төсек қатынасы  – барша рахаттың қайнар көзі. Сондықтан олар сезім мүшелерінің қызметін әбден қартайғанша сақтауға барынша тырысып бағады. Мұндай адамдардың өмірінің ішіп-жеумен, ұйықтаумен, жыныстық қатынасқа түсумен және өздерін қорғаумен айналысатын жануарлардың өмірінен еш айырмасы жоқ.

Бһогилар

 Сонымен,  бһогилар жануарлардың айналысатын істерін жасап, тек сезімдерін қанағаттандыру үшін ғана өмір сүреді. Олар үшін өмірдің мәні де, мақсаты да осы. Кейбір жануарлар өткен өмірлерінде хайуанша өмір кешкен адамдар болған. Мысалы, маймыл жыныстық қатынасты және ұрлағанды жақсы көреді, сиыр еште(ң)ені ойланбастан күні-түні (аузы көпіріп күйсеумен) жүреді, егеуқұйрық болса ініне (ілінген заттарды тасып, жинаумен болады). Шошқа (аузына түскенді жеумен болса,  пілге ішімдік ішіп алып, жұмыс істеген ұнайды, ал аю көп ұйықтағанды жақсы көреді). Осы (аталған хайуандардың бәрі   сезімдерін қанағаттандыруға бейімделген және бұл жөнінде адамдардан) озық тұрады.

Кармилер

 Бһогилар ләзаттануларын шектегілері  келмегенмен де, оларды басқалардың алдында әйтеуір бір адамгершілік , ар  және ұят ұстап қалады. Сондықтан оларға өзгелердің көзінше  білгендерін істей бере(тін) жануарлардың денесі ыңғайлы болып табылады.

 Ал кармилер  болса өз ісін жақсы білетін пысық адамдар. Олар  өркениет жасай алады. Көбірек жұмыс жасаса, еңбектерінің рахатын көретініне сенеді. Жарқын болашақ үшін аянбай тер төгіп, жанқиярлыққа да бара алады. Дегенмен, кармилердің де өмірлерінің ақырғы мақсат-мұраты сезімдерін рахаттандыру болып табылады. Сондықтан олардың  тер төгіп тапқан  байлықтарын  бһогилар шашады. Олардың өздері де ақыр соңында  жануарлар деңгейіне дейін құлдырап, гедонистерге айналады.                 

Егер бһогилардың өркениеті нәпсіге негізделсе, кармилердің өркениеті іштарлық пен ашкөздікке негізделген. Барлық  кармилер өздерінен гөрі биік нәтижеге жеткен және) бай адамдарды көре алмайды. Олардың мақсаты – ешкімнен кем қалмау.

Гьянилер

 Гьяни – белгілі бір жетістікке ой толғамы арқылы жетуге тырысатын ойшылдар. Мұнысымен олар өзін-өзі батпақтан шашынан тартып шығаратын барон Мюнхгаузенге ұқсайды. Себебі олар тек өздерінің ақылдарына ғана сүйенеді. Бірақ гьянилер айтарлықтай жетістікке жетпейді , өйткені адамның ақылы білім көзі бола алмайды.

 Терең ойға шомғанда  адам белсенді қимыл жасай алмайтын бір тоға күйге түседі. Сондықтан гьянилер кармилердің өмірінен бас тартады, тілек-қалаулар мен үйірсектіктерден, соның ішінде ақша мен әйел заты сияқтылардан да бас тартады. Олар қанша тырысқандарымен де, ақыр соңында «Мен ештеңе білмейтіндігімді ғана білемін» деген тұжырымға тоқталады. Өйткені Ақиқатты ой арқылы табу мүмкін емес, оны тек сезіну керек.

Йогилер 

Келесі топ – йоги. Иога сөзі санскриттің юдж, немесе байланыссөзінен  шыққан. Телефондық, телеграфтық немесе теледидар байланысы бар. Сонымен бірге, психофизикалық байланыс деген де болады, оған қоса, трансценденттік, рухани байланыс – йога деген де бар.

Құдайды көру үшін қандай байланыс қажет? Ол байланысты қалай орнатуға болады? Ең алдымен йоги сезімдері мен ойын тыныштандырып,  одан соң оларды мүлдем тоқтатуы керек. Қимылсыз асана қалпында отырған иога материалдық тілектерін түгел ауыздықтайды). Барлық  психофизикалық іс-әреттер тоқтаған соң йоги өзінің  жан екендігіне көз жеткізіп,  материадан тыс болмысын сезіне алады. Сонан соң ол назарын жүрегіндегі Жоғарғы Жан кейпінде орналасқан Құдай Тағалаға аударады. Осыдан кейін  Құдайды тікелей көрген жағдайда , Оның бар екендігіне еш күмәні қалмайды. Бұл қалыпты самадһи , яғни экстатистикалық транс деп атайды.

 Біздің әрқайсымызда  тылсым күш бар. Ол күшті біз Құдаймен байланысу үшін пайдалануымыз керек. Сондықтан йоги ол күшті кармалық әрекеттер мен шексіз ой-толғаныстарға жұмсамайды. Сезімдерін қанағаттандырудан мүлде бас тартады. Йоги болу үшін  адамның аса зор құлықтылық деңгейі және әркімнің жүрегінде орналасқан Құдай Тағалаға деген берік сенімі болуы шарт.

 Егер йоги жеткілікті деңгейде таза болмаса, тәжірибесінің барысында ол экстрасенс, бақсы немесе ғажайыптар жасай алатын мистикке айналады. Мұның бәрі йогамен айналысудан туындайтын қосымша жетістіктер болғандықтан,  адам оған тым әуестенбеуі қажет . Үнемі Жоғарғы Жанға ойын шоғырлай отыра, ұлы йогтар тәндерін тастаудан қорықпайды, себебі олар келесі кезектегі өмірлерін өздерінің қалауларынша таңдай алады.

Бһакталар

 Атап өтілген төрт топтан басқа адамдардың тағы бір ерекше тобы бар. Бұл –бһакталар, яғни «махаббат, Құдайға деген  аса құштарлық» деп аударылады. Бһакталардың бойында Құдайға берілушілік қуат бар. Бұлар еркін адамдар. Олар кармалық заңдармен емес, Құдай Тағаланың сүйіспеншілігімен  бақыланады және де  күнәһар әрекеттерден биік тұратындықтан, не істесе де ерікті. Мұндай адамдар еңбек етеді, ойланып толғанады да, медитация да жасайды, тіпті сезім мүшелерімен ләззаттана да алады. Бһакталар Құдайдың еркіне толық бой ұсынады, сол себепті келесі кезектегі өмірлерінің қандай болатындығы жайында мазаланбайды, өйткені Құдай Тағаламен осындай етене байланысты тіпті өлім де жоя алмайды.

Дүние кезген бір данышпан патшаны кездестіріп,  оған ешқашан өлмеуге бата береді. Содан соң ол өмір бойы үйленбей өтуге уәде еткен жанды кездестіріп, оған тез арада өлуге кеңес береді.  Кейін данышпан қасапшыға кездеседі. «Сен өмір де сүрме, өлме де»- деп кеңес береді оған. Төртінші жолы данышпанға бһакта ұшырасады. Қуанып кеткен жолаушы: «Сен өмір сүресің бе, өлесің бе – бәрібір, онда еш айырмашылық жоқ» – деген екен.

 Бұл мысалдың мағынасы мынада. Патша шексіз билік пен байлыққа ие. Ол жақсы кармасымен рахаттана алады. Мерзімі жеткенде осының бәрі бітіп , бұл дүниеден өткен соң, ол төменге құлдырауға мәжбүр болады. Сол себептен оған өлмегені жақсы. Патша немесе ел президенттері өз халқының қайырымды істерінің алтыдан бір бөлігін және халқының жасаған күнәларының да алтыдан бір бөлігін алады. Біздің заманымызда адамдар көбіне күнәһар істер жасауға бейім тұратыны белгілі. Сондықтан, патша немесе президент болу – тәуекелділікке толы.  Үйленбеуге бел буған адам , сезімдеріне беріліп кетіп, уәдесін бұзып алуы әбден мүмкін. Мұндай жағдайда ол жасаған тақуалығының  бар жемісін жоғалтып алады. Сол үшін әзірге уәдесін бұзбай тұрғанда өле салғаны дұрыс.

 Қасапшының өмірі қазірдің өзінде тозаққа ұқсайды. Ол жануарларды азапқа салады. Ал өлгеннен кейінгі жағдайы онан да жаман болып, нағыз тозаққа аттанады. Сондықтан оған өмірдің де, өлімнің де керегі шамалы. Құдайға беріле құлшылық жасайтын бһакта өлгеннен кейін де құлшылығын жалғастыра береді. Сондықтан бһакта үшін бұл дүниенің де, о дүниенің де айырмасы жоқ. Өмір де, өлім де оған жақсы болып табылады.

Leave a Reply

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған